Brent маркалы мұнай бағасы бірден 7,09 пайызға өсті

Фотография - Brent маркалы мұнай бағасы бірден 7,09 пайызға өсті

Brent маркалы мұнай бағасы бірден - 7,09 пайызға өсіп, 35,04 долларға жетті.

324 0

Мұнай өндіретін 6 ел ОПЕК-тің шұғыл кеңесін өткізуге уағдаласты. Кеңеске ұйымға мүше елдермен қатар оның құрамына кірмейтін мемлекеттер де қатысады. Бұл туралы Хабар арнасы хабарлайды.

Бұл туралы Венесуэланың мұнай және тау-кен өндірісі министрі Эулохио дель Пино айтты. Ол бұл мәлімдемесін Иранның мұнай министрі Бинжамен Занганемен болған Тегерандағы кездесуден кейін жасады. Бұл келелі басқосуда мұнай нарығындағы тұрақтылықты қалыптастыру жайы жан-жақты талқыланбақшы. Ал бүгін қара алтын құны қайта өсті. Brent маркалы мұнай бағасы бірден - 7,09 пайызға өсіп, 35,04 долларға жетті. Ал WTI 32 доллар 34 центтен саудалануда. 8,22 пайызға қымбаттаған. Бұған дейін АҚШ-тың Энергетика министрлігі бір аптаның ішінде коммерциялық мұнай қорының 7,8 млн баррелге артып, 502 млн баррелден асқанын жариялаған. Алайда жеңіл мұнай қорының көбеюі қара алтын бағасының өсуіне кедергі болмаған секілді. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!