Еуроодақ елдері Түркияға 3 млрд еуро беруге келісті

Фотография - Еуроодақ елдері Түркияға 3 млрд еуро беруге келісті

Мұндай шешім Брюссельде одаққа мүше елдердің тұрақты өкілдері қатысқан жиында қабылданды

211 0

Еуроодақ елдері ағылған босқындар нөпірін тоқтату мақсатында Түркияға 3 миллиард еуро беруге бір ауыздан келісті. Мұндай шешім Брюссельде одаққа мүше елдердің тұрақты өкілдері қатысқан жиында қабылданды. Түркия мен Еуроодақ өткен жылдың қараша айында өзара келіскен болатын. Дегенмен Анадолы еліне берілетін 3 миллиардтың екі миллиарды одаққа мүше 28 мемлекеттің ішкі бюджетінен бөлінетіндіктен Италия сынды бірнеше ел бұл шешімге қарсылық танытты. Алайда бүгін барлығы келісімге қол қойды. Енді одаққа мүше елдердің ұлттық үкіметі қажетті қаржыны тауып берер болса, ресми Анкара Таяу Шығыстан келген босқындарды өз елінде бөгеп, Еуроодаққа жібермеуге міндеттеледі, деп жазды 24.kz.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!