Михаэль Шумахердің жағдайы нашарлап барады

Фотография - Михаэль Шумахердің жағдайы нашарлап барады

Шумахер "Феррари" командасында өнер көрсеткен жылдары тек 1999 жылы ғана апатқа ұшыраған екен.

210 0

Италияның "Феррари" командасына басшылық еткен Лука ди Монтедземоло әлемнің жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахердің жағдайы күн өткен сайын нашарлап бара жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

"Өкінішті-ақ, ойламаған жерден бәрі өзгеріп шыға келді. Михаэль әлемді мойындатқан үздік спортшылардың бірі болатын. "Феррари" командасында өнер көрсеткен жылдары тек 1999 жылы ғана апатқа ұшыраған. Ал қазіргі жағдайы тым ауыр" – деді Лука ди Монтедземало.

Айта кетейік, 47 жастағы неміс спортшысы 2013 жылы Францияның Мерибеле таулы аймағында шаңғы теуіп жүріп, қатты құлаған болатын. Салдарынан бассүйек-ми жарақатын алып, миының екі жартышарына зақым келді. Бүгінде ол 2014 жылдың қыркүйегінен бастап, Женева өзенінің жағасында орналасқан зәулім үйінде ем-дом қабылдап жатыр.

Михаэль Шумахердің менеджері Сабина Кем осыдан бірнеше ай бұрын оның жағдайы жақсарып келе жатқандығын айтқан болатын. Бірақ осыдан кейін тілшілерге тұшымды жауап қайтармай, тек өткен жылдың желтоқсан айында ғана бұл сөздерінің шындыққа жанаспайтынын мойындады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!