АҚШ Колумбияға жыл сайын 450 миллион доллар бөлуге дайын - Обама

Фотография - АҚШ Колумбияға жыл сайын 450 миллион доллар бөлуге дайын - Обама

Бұл туралы Барак Обама колумбиялық әріптесі Хуан Мануэль Сантоспен Ақ үйде өткен кездесуінде мәлімдеді

380 0

АҚШ Колумбияға жыл сайын 450 миллион доллар ақшалай көмек көрсетуге ниетті. Бұл туралы Барак Обама колумбиялық әріптесі Хуан Мануэль Сантоспен Ақ үйде өткен кездесуінде мәлімдеді.

 Көмек ең алдымен қауіпсіздік саласын қамтымақ. Қаражат сондай-ақ Латын Америкасы мемлекетінің аумағындағы миналарды залалсыздандыруға жаратылады. Бұл істе Норвегия да көмек қолын созуға әзір екенін жеткізген. Себебі бүгінде Колумбия минаға түсіп, көз жұмған құрбандар саны бойынша әлемде Ауғанстаннан кейін екінші орында тұр.

Барак Обама, АҚШ президенті:
 - Соғысты бастау оңай да, аяқтау қиын. Жарты ғасырға созылған қақтығыстан кейін бейбітшілік заманы орнады. Алайда бейбіт келісімге қол қою тек бастамасы ғана. Алдағы 5 жыл ішінде Колумбияда жасырын миналардың барлығы залалсыздандырылуы тиіс.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!