Қытайда "Түлкі аулау-2015" операсиясы аясында 900-ге жуық жемқорды кері қайтарды

Фотография - Қытайда "Түлкі аулау-2015" операсиясы аясында 900-ге жуық жемқорды кері қайтарды

Арнайы операцияның басталғаны туралы өткен жылы сәуір айында хабарланған болатын.

232 0

Қытай қашып кеткен 900-ге жуық жемқорды еліне қайтарды. Бұл туралы 24.kz телеарнасы хабарлайды.

"Түлкі аулау-2015" арнайы операциясы кезінде жемқорлыққа қатысы бар деген Қытай Халық Республикасының 900-дей азаматы шетелден еліне жеткізілді. Арнайы операцияның басталғаны туралы өткен жылы сәуір айында хабарланған болатын.

Іздестіру іс-шаралары "Аспан желісі" деген атауға ие болған заңсыз баюға қарсы күрес бойынша жаһандық кампанияның бір бөлігі болып саналады. Пара алып, қызметтік міндеттерін асыра пайдаланған күдіктілер әділ соттан әлемнің 60 елінде жасырынып жүрген. Олардың ішінде 212-сі 10 млн. юаньнан астам қаржыға қатысты қылмыстық істер бойынша жауапқа тартылуда. Бұл – күдіктілердің әрқайсысы шамамен 1,5 млн. АҚШ доллары көлемінде пара алған деген сөз.

Жауапқа тартылғандардың дені 5 жылдан астам уақыт бойы құқық қорғау органдарынан ізін жасырып келген. Шетелге қашып кеткен жемқорлардың біреуі еліне 21 жыл өткен соң ғана әкелінген. Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі кезекті "Түлкі аулау" арнайы операциясын таяу уақытта бастауға сөз беріп отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!