Түркияда имам бес ай бойы мешіттен шықпаған

Фотография - Түркияда имам  бес ай бойы мешіттен шықпаған

Бұл жергілікті мешітте қызмет атқаратын А. есімді имамның ерлігінің арқасында екенін айта кету керек.

316 0

Түркия мемлекетінің кейбір алыс аймақтарына Күрдтер террорлық топтары тарапынан жиі-жиі қарулы шабуылдар жасалып, бейбіт елдің берекесін алып келе жатқанына көп болған.

Аталмыш аймақта коменданттық сағат жүйесі енгізілгенімен, бес уақыт азан еш үзілмеген. Бұл жергілікті мешітте қызмет атқаратын А. есімді имамның (аты-жөні қауіпсіздік шарасы негізінде айтылмай отыр) ерлігінің арқасында екенін айта кету керек.

Отбасын туған ауылына шығарып салған А. есімді имам бес ай бойы мешітте тұрып келген. Қандай жағдай болмасын, ауыл азансыз қалмау керек деп шешкен ол керек-жарағын әкеліп, мешіттің кішкене бір бөлмесіне орналасқан.

"Азан дауысы олардың (Күрдтер террорлық топ мүшелері) ашу-ызасын тудырады. Коменданттық сағат жарияланғанда, олар көшеден тірі жан көрмейміз ойлаған еді. Алайда, азан шақырылғанда, тіпті, не істерлерін білмей қалды. Ал, екінші күні олар мешіт дәретханасына граната лақтырып, сес көрсетті. Бірақ, мен өзімнің қасиетті қызметімді ешқашан тоқтатпаймын", – дейді ол.

"Басқа мешіттерді олар өздерінің штабтарына айналдырып алған. Азан шақыруға арналған дыбыс күшейткіш құралдармен қазіргі уақытта өздерінің насихатын жүргізіп отыр", – деп ашынады ол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!