Жапонияда АЭС жанынан жанартау атқылады

Фотография - Жапонияда АЭС жанынан жанартау атқылады

Әзірге жанартаудың станса жұмысына қаншалықты әсер еткені туралы ақпарат жоқ

175 0

Жапонияда атом электр стансасынан 50 шақырым жерде жанартау атқылады. Ол елдің оңтүстік-батысындағы Когасима префектурасында орналасқан. Әзірге жанартаудың станса жұмысына қаншалықты әсер еткені туралы ақпарат жоқ. Дегенмен метеорологиялық агенттік өкілдері қауіп үшінші деңгейде деп хабарлады. Егер ол бесінші деңгейге жетсе, маңайдағы тұрғындарды тез арада көшіруге тура келеді. Осыған байланысты үкімет жанынан арнайы штаб құрылды. Жапонияда жиі атқылап тұратын Сакурадзима жанартауы 1914 жылы 35 адамның өмірін қиған еді, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!