671

Францияда қонақүй отқа оранып, 2 адам ажал құшты

Тағы 2-еуі ауыр жарақат алды
Фотография - Францияда қонақүй отқа оранып, 2 адам ажал құшты

Францияның Марсель қаласындағы қонақүйде өрт болып, кем дегенде 2 адам қаза тапты,деп жазды 24.kz. Тағы 2-еуі ауыр жарақат алды. Бұл туралы қаланың өрт сөндіру қызметі хабарлайды. Өзге меймандар қонақүйден өздігінен шығып, аман қалған."40 жастағы екі әйелге иіс тиіп, денелерін күйік шалған. Олар алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы екі ер адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - деп мәлімдеді ресми өкіл.