Эквадор халқы Ердоғанды "Кісі өлтіруші!" деп айқайлап қарсы алды

Фотография - Эквадор халқы Ердоғанды "Кісі өлтіруші!" деп айқайлап қарсы алды

Түрік лидерін көшеде күрд көтерілісшілерін қолдаушылар айғайлап қарсы алған.

332 0

Әлеуметтік желіде 4 ақпан күні Эквадорға ресми сапармен келген Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанды жергілікті жұрттың "Кісі өлтіруші!" деп айқайлап, қарсы алғанын көрсететін видео пайда болды. Бұл туралы "Вести.ru" дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.
Оқиға елдің астанасы Китода болған. Түрік лидерін көшеде күрд көтерілісшілерін қолдаушылар айғайлап қарсы алған.
Олар "Жойылсын!", "Кісі өлтіруші!", "Жендет!" және "Жасасын Күрдістан!" деп ұрандатқан. Солардың бірінің мұрнын президент күзетіндегі сарбаз бұзып жіберген.
Ердоған Эквадорға "стратегиялық маңызы бар" бірқатар құжаттарға қол қою үшін екі күндік сапармен келген. Түрік президентінің уәде беруінше, осыдан кейін Анкара мен Киото арасында "алтын кезең" тууға тиіс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!