Тайвань аралында жер сілкінісінен 14 адам қаза тапты

Фотография - Тайвань аралында жер сілкінісінен 14 адам қаза тапты

Құтқарушылар тобы қиранды астында қалған 340 адамды құтқарып, жергілікті ауруханаларға жеткізді.

502 0

 Тайвань аралында болған жер сілкінісінен 14 адам қаза тауып, 172 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Табиғат апатынан әсіресе, Тайнань қаласы зардап шекті. Құтқарушылар тобы қиранды астында қалған 340 адамды құтқарып, жергілікті ауруханаларға жеткізді. Құтқарушы жасақ қазіргі кезде қирап қалған 17 қабатты үйдің маңайында көмек көрсетіп жатыр. Дәл осы үйіндінің астынан қаза тапқан 14 адамның 11-нің мәйітін тапты. Ал қалған үш адам өзге қалаларда болған жер асты дүмпуі кезінде мерт болды.

17 қабатты үйде 256 адам тұрады. Алайда Қытай мен Тайван елдері тойлайтын жаңа жыл мерекесі уақытында тұрғын үй ішінде одан да көп тұрғынның болуы мүмкін деген болжам бар. Ал магнитудасы 6,4 баллды құраған жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша, таңғы сағат 04:00 кезінде болды. Жер асты дүмпуі тіпті провинцияның Тайбэе қаласына да сезілді.

Тайвань аралында жер сілкінісі жиі болып тұрады. Дегенмен олардың көбі айтарлықтай қауіп төндірмейді. Алайда бұл аймақта магнитудасы 7,6 баллды құраған жер сілкінісі 1999 жылы болып, 2300-ден астам тұрғын мерт болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!