Ирандықтарға қажылыққа бару тиымы алынып тасталды

Фотография - Ирандықтарға қажылыққа бару тиымы алынып тасталды

Тыйымның алынып тасталуы туралы Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейрдің мәлімдеме жасады.

182 0

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейрдің мәлімдемесіне сүйенсек, қасиетті қос шаһардың қақпасы ирандықтар үшін қайтадан айқара ашылған. "Мекке мен Мәдина қаласына кез келген мұсылман баласы келе алады. Олардың ішінде ирандықтар да бар", – дейді ол жергілікті баспасөз құралына берген сұхбатында.

Ол екі ел арасындағы саяси қарсылықтардың қажылық істеріне кесірін тигізбеуі тиіс екендігін атап өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бәр ай бұрын Иран билігі өз азаматтарына Сауд Арабиясы аумағына кіруге тыйым салған. 

Айта кетейік, Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынас белгілі уағызшы Нимр Бағер әл-Нимрді Саудия билігі терроризмге қатысы бар деген айыппен өлім жазасына кескеннен кейін бұзылған болатын. Бұл оқиғадан соң Ирандағы Сауд Арабиясының елшілігі мен консулдығына шабуыл жасалып, өртеп жіберген еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!