Әлемде сирек кездесетін көлік 32 миллион еуроға сатылды

Фотография - Әлемде сирек кездесетін көлік 32 миллион еуроға сатылды

Америкалық белгісіз азамат 1957 жылы небәрі төрт данамен шыққан Ferrari көлігінің Spider Scaglietti үлгісін сатып алды.

145 0

Францияның Париж қаласында арнайы ұйымдастырылған аукционда Ferrari көлігінің сирек кездесетін түрі 32 миллион еуроға сатылды. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Америкалық белгісіз азамат 1957 жылы небәрі төрт данамен шыққан Ferrari көлігінің Spider Scaglietti үлгісін сатып алды. Егер де дәл осы валютамен есептер болсақ, бұл автомобиль осыған дейін сатылғандардың ішіндегі ең қымбаты болып саналады. Ал доллармен шаққанда 35,7 миллионды құрайды. Алайда, 2014 жылы Ferrari 250 GTO көлігінің 1962 жылы шыққан үлгісі 38 миллион долларға сатылған. Бірақ мамандар валюта бағамының өзгеруіне байланысты оның бағасы қазіргімен есептегенде 28,5 миллион болатынын мәлімдеді.

1958 жылы дәл осы Ferrari Spider Scaglietti көлігімен аты аңызға айналған британиялық Стирлинг Мосс «Формула-1» жарысының бас жүлдесін жеңіп алған. Сондай-ақ, 24 Heures du Mans жарысына қатысты. Ал 1970 жылы автошабандоз Пьер Бардинон сатып алып, содан бері спортшының жеке көлікжайында сақталып келген. Оның қазасынан соң, туыстары сатуға мәжбүр болды.

Алғашында бұл көліктің бағасы арнайы ұйымдастырылған аукционда 20 миллион еуроға бағаланыпты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!