Альпі тауындағы қар көшкіні 5 адамның өмірін жалмады

Фотография - Альпі тауындағы қар көшкіні 5 адамның өмірін жалмады

Қайғылы оқиға Инсбург қаласынан 30 шақырым жердегі шаңғымен сырғанау демалыс орнында болған.

300 0

Альпі тауының австриялық бөлігінде қар көшіп, 5 адам көз жұмды. Тағы екеуі жараланған. 

Қайғылы оқиға Инсбург қаласынан 30 шақырым жердегі шаңғымен сырғанау демалыс орнында болған. Соңғы мәліметтерге қарағанда көшкін болған аймақта 17 шаңғышы жүрген. Олардың барлығы – Чехия азаматтары. Бұл туралы елдің жергілікті арналары хабарлады. 

Норбет Почлсберг, Іздестіру операциясының басшысы:

 - Қар көшкіні өте үлкен аумақты алып өткен. Оның астында қалғандарды іздестіру үшін барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілген 20 құтқарушы жұмылдырылды. Бірақ соған қарамай, марқұмдардың денесін табу оңайға соқпады. Кейбірі үш метрлік қардың астында қалған. 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!