Еуропаның 13 елінде босқындарға қарсы шеру өтті

Фотография - Еуропаның 13 елінде босқындарға қарсы шеру өтті

Көтерілісшілердің басты талабы – Германия канцлері Ангела Меркельді қызметінен кетіру және босқындар туралы заңдарды қайта қарау.

442 0

Кәрі құрлықтың 13 елінде ПЕГИДА – исламға қарсы қозғалыс өкілдерінің шеруі өтті.

Мәселен, Дрезден орталығына 8 мың адам жиналған. Олардың басты талабы – Германия канцлері Ангела Меркельді қызметінен кетіру және босқындар туралы заңдарды қайта қарау. Ал Веймар қаласындағы шеру соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Осындай жағдай Копенгагенде де болды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданып, 10 адамды қамауға алды. Бұдан да өткен тәртіпсіздіктер Прагада тіркелді. Онда полиция жасақтары адамдарды тарату үшін аспанға оқ атуға мәжбүр болған. 

Томаш, шеруге қатысушы:

 - Біз Сирия, Ирак, Пәкістан сияқты елдерден босқындардың келгенін қаламаймыз. Біздің елде біздің талаптарымыз орындалмайынша, осылай шеруге шығамыз. 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!