Ислам Каримов: "Гейлер - психикасы бұзылған адамдар"

Фотография - Ислам Каримов: "Гейлер - психикасы бұзылған адамдар"

Өзбекстан қызтекелік қылмыс саналатын 70-тен астам елдің тізімінде.

602 0

Өзбекстан президенті Ислам Каримов кезекті баяндамасында біржынысты қарым-қатынастарды сынап, оларды батыс мәдениетінің жиіркенішті көрінісі ретінде атады.  

"Егер еркек пен еркек, немесе әйел мен әйел бірге тұратын болса, менің ойымша, олардың бір жері дұрыс істемейді немесе қандай да бір ауытқушылық болған", - деді Каримов.

Өзбекстанда гомосексуализм немесе біржынысты қарым-қатынас үшін қылмыстық жаза қарастырылған. Одан бөлек мұндай жандар өзбек қоғамында үнемі қысымға ұшырайды. Соңғы жылдары интернетте Өзбекстандағы гейлер мен трансвеститтерді соққыға жыққан бейнежазбалар көбейіп кетті

Өкен айда Telegram мессенджерінде әйелдің іш киімін киіп, бет-аузын бояған жас трансвестит пен оның серіктерін балағаттап, ұрып-соғып жатқан өзбек милицонерлерінің видеоролигі тараған еді.

Кейбір адам Ташкентте орын алған бұл оқиғаны гомофобияның көрінісі ретінде бағалады.

Өзбектандық блогер Қанат Әділ адамдарды сексуалды бағытына қарай бөліп және оларды соққыға жығудың зұлымдық боп табылатынын, бұған милиция қызметкерлері барып жатса, одан өткен сорақысы болмайтынын айтты. Және мұның бәрі, қандай болса да Өзбекстан азаматтарына қатысты заңсыз әрекет екенін жазды.

Өзбекстан қызтекелік қылмыс саналатын 70-тен астам елдің тізімінде. Республиканың Қылмыстық кодексінің 120 бабына сәйкес, қызтекелік үшін бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырады. 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!