Грекия Македониямен арадағы шекараға қорған тұрғыза бастады

Фотография - Грекия Македониямен арадағы шекараға қорған тұрғыза бастады

Шекарашылардың айтуынша, көптеген босқын ескі қоршауды кесіп, ел аумағына кіріп кетеді

157 0

Македония әскері Грекиямен шекара бойында қорған тұрғыза бастады. Бұл құрылыс жұмысы заңсыз мигранттар нөпірін тоқтату үшін қажет. Алып қоршаудың биіктігі 5 метрден асса, ұзындығы 37 шақырымға созылмақ. Шекарашылардың айтуынша, көптеген босқын ескі қоршауды кесіп, ел аумағына кіріп кетеді. Енді үкімет жаңа қорған мұндай заңсыз көші-қонның жолын кесуге көмектеседі деп сенеді. Естеріңізге сала кетейік, Грекиямен шекарадағы мигранттарға қатысты жағдай қатты ушығып тұр. Македония билігі жақында жаңа ереже енгізді. Ол бойынша әр босқын жарты сағаттық әңгіме кезінде экономикалық мигрант емес екенін, нақтылы соғыс салдарынан бас сауғалап жүргенін дәлелдеуі тиіс, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!