Жапонияда хакерлер 20 мың құпия мәліметті қолды етті

Фотография - Жапонияда хакерлер 20 мың құпия мәліметті қолды етті

Олардың арасында қорғаныс фирмаларының шетелдермен байланысы, құпия хаттары бар.

101 0

Жапонияда белгісіз хакерлер тобы технологиялық және саяси маңызы бар 20 мың құпия мәліметті қолды етті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

Хакерлер тобы іс барысында Emdivi вирусын жіберу арқылы мәліметтерді білдіртпей ұрлаған. Олардың арасында қорғаныс фирмаларының шетелдермен байланысы, құпия хаттары бар. Мұндай заңсыз әрекеттің салдарынан осыған дейін 1 мыңға жуық сайттар зардап шекті.

Кибер шабуыл кезінде аталған вирус түрі өткен жылдың мамыр айында ұлттық зейнетақы қорының 31 компьютеріне жіберіліп, 1,25 миллион жергілікті халықтың шоты ұрланған. Бірқатар мамандардың болжамы бойынша, заңсыз әрекетке қытайлық хакерлердің қатысы болуы мүмкін. Алайда, бұл ойдың растығын дәлелдейтін ешбір ақпарат табылмады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!