Аргентинада жолаушылар автобусы аударылып, 5 адам ажал құшты

Фотография - Аргентинада жолаушылар автобусы аударылып, 5 адам ажал құшты

Марқұмдардың арасында 3 бала бар

205 0

Аргентинаның Энтре-Риос провинциясында жолаушылар автобусы аударылып, 5 адам ажал құшты. Марқұмдардың арасында 3 бала бар. Ал жараланғандардың саны 50-ге жуық. Алдын ала мәлімет бойынша, көршілес Парагвай астанасынан Буэнос-Айреске бет алған автобус жүргізушісі бұрылыста тізгіннен айырылып қалған. Жол жиегіндегі қоршауға барып соқтығысқан жүргізуші көлікті аударып алса керек. Кейін ол қамауға алынып, тергеу амалдары басталып кетті, деп жазды 24.kz.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!