Францияда тамақ қалдығын тастағандарға айыппұл салынады

Фотография - Францияда тамақ қалдығын тастағандарға айыппұл салынады

Франция супермаркеттерінде тамақты далаға тастауға немесе жеуге жарамсыз етуге қатаң түрде тыйым салынды.

435 0

Франция супермаркеттерінде тамақты далаға тастауға немесе жеуге жарамсыз етуге қатаң түрде тыйым салынды. Заң бұзушылар әкімшілік жазаға тартып, айыппұл салынатын болады.

Мысалға, супермаркет қожайындары нан өнімдерінің жарамдылық мерзімі таусылмай тұрып, оны мұқтаж жандарға тегін үлестіріп жіберуі қажет. Сондай-ақ, тауардың сыртқы қаптамасына нұқсан келген жағдайда осылай әдіс қолданылады.

Франция мемлекеті сауда саласындағы бұндай заң жобасын қабылдаған алғашқы ел болып отыр. Бұған дейін Франция супермаркеттері жарамдылық мерзім өткен өнімдерді далаға тастап келген болатын. Француз Парламент мүшелерінің мәлімдеуінше, жаңа заң жобасы кем дегенде 10 млн жанды азық-түлікпен қамтамасыз етуі тиіс.


muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!