Түрік мемлекеті Сирия аумағындағы өз лагерін ашты

Фотография - Түрік мемлекеті Сирия аумағындағы өз лагерін ашты

Лагерь орналасқан Баб-эс-Селям ауданы түрік шекарасымен шектесіп жатыр.

260 0

Түркия мемлекеті сириялық босқындарға арналған тағы лагерді жасақтап берді. Килис провинциясының басшылығының бастамасымен жасалған бұл лагерь Сирия аумағында орналасқан.

"Лагерь орналасқан Баб-эс-Селям ауданы түрік шекарасымен шектесіп жатыр. Дегенмен, Бұл жер – Сирия аумағы. Жұмыс деген шаш-етектен. Әлі де аяқталмаған шаруалар көп", – дейді провинция губернаторлығының баспасөз хатшысы Нури Ешильчимен.

4-ақпан күні Алеппо маңында орын алған қарулы қақтығыстан соң шекараға қарай ағылған босқындардың қтары көбейе түскен. "Шамамен 35 000 жан Баб-эс-Селям ауданындағы лагерьге орналастырылды", – делінген мәлімдемеде.

Түркия мемлекетінің Төтенше жағдайлар басқармасы мен Қызыл Жарты Ай қорының түрік бөлімшесі 2000 шатыр жіберген. Ал, Түрік гуманитарлық ұйымы тәулігіне 100 000 бөлке нан пісіруге мүмкіндік беретін құрылғымен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ, босқындар лагерінде Түркия тарапынан арнайы госпиталь да әзірленген.

muslim.kzм



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!