Боливияда ең ірі көл тартылып қалды

Фотография - Боливияда ең ірі көл тартылып қалды

Көлдің жалпы көлемі осыған дейін 3 мың шақырым аумақты қамтыған. Ал тереңдігі 3 метр болатын.

186 0

Боливиядағы көлемі жағынан екінші орын алатын ең ірі Поопо көлі тартылып қалды. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

"EKA Proba-V шағын жер серігі күнделікті көлдің тартылып жатқан суреттерін түсірді. Судың буланып жатқан сәттері анық көрсетілген", – деп Еуропалық ғарыш агенттігі мәлімдеді.

Көлдің жалпы көлемі осыған дейін 3 мың шақырым аумақты қамтыған. Ал тереңдігі 3 метр болатын. Поопо осыған дейін 1994 жылы да тартылып қалған. Дегенмен уақыт өте келе суға қайта толды. Бұл жолы сарапшылар көлдің бұрынғы қалпына келуі ұзақ жылдарға созылатынын айтты. Тіпті, жойылып кетуі мүмкін деген болжамды да жоққа шығармады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!