The Guardian исламға қатысты пікірлерге тыйым салды

Фотография - The Guardian исламға қатысты пікірлерге тыйым салды

Редакция осы арқылы белгілі бір халықтың абыройына нұсқан келтіруден, мәселені саясиландырудан алшақ болғанды дұрыс санайды

152 0

The Guardian британ газетінің редакциясы басылымның интернет нұсқасындағы оқырмандарына босқындар, ұлттық ерекшелік пен исламға байланысты материалдарға пікірлер жазуға тыйым салды.

Редакция осы арқылы белгілі бір халықтың абыройына нұсқан келтіруден, мәселені саясиландырудан алшақ болғанды дұрыс санайды. Сонымен қатар, мұндай пікірлер нәсілшілдік сипатта өріс алатынын алға тартты.

"Мұндағы пікірлер материал авторына да, тіптен оның отбасына тіл тигізіп, қауіп төндіреді. Бұл сындарлы пікірталас емес, бұл оқырмандар мен журналистердің өкпе-реніші мен ашу-ызасын тудырады" деді The Guardian редакциясы.

 

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!