Әлемде мұнай бағасы тағы арзандады

Фотография - Әлемде мұнай бағасы тағы арзандады

Американың жеңіл шикізаты тіпті 27 доллар шамасында саудалануда.

259 0

Қазір Бренттің құны 31 доллардан төмен болса, Американың жеңіл шикізаты тіпті 27 доллар шамасында саудалануда. Бұл АҚШ-тың қор нарығындағы кешегі саудасына әсер етті. 

Wall Street ахуалына Федералды қор жүйесінің төрайымы Джаннет Элленнің экономикаға қауіп төніп тұрғаны туралы пікірі ықпал еткен. Нәтижесінде S&P 500 котировкалары қатарынан 4 күн төмендеуде. Жыл басынан бері индекс 9 пайызға құнсызданды. Ал мұнайға тікелей байланысты Настаг болса 14 пайыз құнын жоғалтып отыр. Энергетикалық индекстердің барлығы кешегі сессия кезінде құлдыраған. Тіпті әйгілі Уолт Диснейдің құнды қағаздары да шамамен 4 пайызға арзандап отыр. "Әдетте ол экономикалық жағдайға қарамастан биржада өсім көрсететін", – дейді сарапшылар. Тек денсаулық сақтау саласында ғана бағамдар көтерілген. Сектор шамамен 1 пайызға өсіп отыр. 

khabar.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!