Мексикада ұрланған журналист әйел өлі күйде табылды

Фотография - Мексикада ұрланған журналист әйел өлі күйде табылды

Қазір тергеу жүріп жатыр

314 0

Мексиканың Веракрус штатының Орисаба қаласындағы басылымның бірінде жұмыс істеген журналист әйелдің денесі табылды.

Апта басында белгісіз қарулы топ күштеп алып кеткен Анабель Флорес Суарестің мәйітін полицейлер тас жолдың бойынан тапқан. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, тілшінің ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысы бар көрінеді. Себебі ол 2014 жылы қылмыс әлеміне әйгілі Виктор Осорио Сантакруспен бірге ұсталған екен. Ал Веракрус штатында 2010 жылдан бері 15 журналист мерт болып, 3 тілші із-түзсіз жоғалып кеткен.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!