Эгей теңізінде 26 мигрант құтқарылды

Фотография - Эгей теңізінде 26 мигрант құтқарылды

Аман қалғандардың арасында әйелдер мен балалар бар

252 0

Грекия жағалауында бір түн ішінде 26 мигрант құтқарылды. Олардың қайықтары Эллада елінің Кос және Самос аралының маңында суға кеткен. Аман қалғандардың арасында әйелдер мен балалар бар. Сондай-ақ босқындарды заңсыз тасымалдаумен айналысты деген күдікпен тағы 2 Түркия азаматы қамауға алынған. Осы ретте Грекия мен Түркия билігі НАТО-дан көмек сұрап отыр. Олар Эгей теңізінде заңсыз мигранттар және контрабандамен өз беттерінше күрес жүргізуге қауқарсыз екенін айтқан. Жалпы, өткен жылы Грекияға теңіз арқылы шамамен 850 мың босқын келген. Олардың 800-і Кәрі құрлыққа жете алмай, Эгейде ажал құшқан, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!