Пентагон бюджетін баяндап тұрған генерал талып қалды

Фотография - Пентагон бюджетін баяндап тұрған генерал талып қалды

Сұрақтарға жауап беріп тұрған генерал Джеймс Мартин мінберге есінен танып құлады.

528 0

Баспасөз конференциясын аяқ астынан тоқтатуға тура келді. АҚШ-та қорғаныс саласына арналған басқосу кезінде тілшілер алдына шығып, алуан түрлі тосын сұрақтарға жауап беріп тұрған генерал Джеймс Мартин мінберге есінен танып құлады, деп хабарлайды The Telegraph. Ол тап F-35 жойғыш ұшақтарына жұмсалатын қаржы мәселесі қозғалған кезде оқып тұрған баяндамасының үстіне бетпен түскен.  Генералды Вашингтон ауруханаларының біріне шұғыл жеткізуге тура келді. Медиктердің айтуынша, оның қан қысымы күрт көтеріліп, көзі қарауытып кеткен.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!