Израиль біртұтас дуал салу бағдарламасына кірісті

Фотография - Израиль біртұтас дуал салу бағдарламасына кірісті

Израиль айналасын толық қоршамақ.

293 0

 Бұл туралы Премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Оның айтуынша, үкімет түгел елді қоршайтын біртұтас дуал салу бағдарламасын дайындауға кіріскен. Бірнеше жылға созылатын осы құрылысқа жүздеген миллион доллар жұмсау көзделген. Қазіргі кезде Иорданиямен шекарасында 30 шақырымдық қоршау салынып жатыр. Бұл дуал жаңа халықаралық әуежайды қорғауға арналған.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:
 - Ақырында, түгел елді қоршайтын дуал болады деп ойлаймын. Бәрінен оқшауланып, «өз аумағыңызда жалғыз тұрғыларың келе ме» деген сұраққа «иә» деп жауап беремін. Өйткені біз мекендеген аймақта жыртқыштардан сақтану қажет.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!