Германияда 94 жастағы Освенцим күзетшісі сотқа тартылды

Фотография - Германияда 94 жастағы Освенцим күзетшісі сотқа тартылды

Оған 170 адамның өліміне қатысты деген айып тағылып отыр

199 0

Германияда Освенцим лагерінің күзетшісі болған 94 жастағы қарияға қатысты сот ісі басталды. Оған 170 адамның өліміне қатысты деген айып тағылып отыр. Тергеу нәтижелері күзетшінің тұтқынға түскен еврейлерді газбен улап өлтіретін бөлмелерге жібергенін дәлелдеді. Айыпталушының жасы егде тартқанына қарамай, сот алқасы істі қарауға жіберді. Ал айыпталушы Райнхольд Ханнинг лагерьдің өзге аумағында "жұмыс істедім" деп ақталған. Айта кету керек, 94 жастағы қария – сол лагерьде жұмыс істеген төрт күзетшінің бірі. Олардың арасында әйел адам да бар, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!