Оңтүстік Кореяда зымыран қалдықтары табылды

Фотография - Оңтүстік Кореяда зымыран қалдықтары табылды

Айтуларынша, металл қалдықтары Сары теңізден шыққан

222 0

Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің өкілдері осыдан бірнеше күн бұрын Солтүстік Корея ұшырған зымыранның қалдықтарын тапты, деп хабарлады 24.kz. Айтуларынша, металл қалдықтары Сары теңізден шыққан. Қазір олар сараптамалық орталыққа жөнелтілді. Бұған дейін Пхеньян орбитаға жердің беткі қабатын бақылау үшін жасанды жерсерікті сәтті жеткізгенін мәлімдеген болатын. Дегенмен АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония сынды бірқатар елдер Пхеньян баллистикалық зымыран ұшырды деп санайды. Тіпті БҰҰ бұл әрекетті сынға алып, қатаң шаралар қабылдауға уәде берді. Айта кеткен жөн, бұған дейін Пхеньян ұзақ қашықтыққа ұшатын зымыранды 2012 жылы көкке жіберіп, орбитаға байланыс желісін жақсартатын жерсерік аттандырғаны туралы мәлімдеген. Алайда осы күнге дейін оның бір де бір белгісін әлемде ешбір ел таба алмады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!