Өзін жарудан бас тартқан оқушы полицияға берілді

Фотография - Өзін жарудан бас тартқан оқушы полицияға берілді

Сонымен қатар, "Боко Харамның" таяу уақытта жоспарлап отырған терактілері туралы бәрін жайып салыпты.

263 0

Нигерияда "Боко Харам" террористерінің айтқанына көнген қыз күтпеген әрекет жасап ерледі. 

Бастапқыда өзін халық көп жүретін жерге барып, жармақ болған жасөспірім бұл ниетінен бас тартып, билік өкілдеріне берілді, деп хабарлайды Associated Press. Лаңкестер оған бомбаны қалай іске қосу керектігі жөнінен біраз кеңес беріп, үйретіп қойған екен. Бірақ, аяқ астынан айнып қалған ол, жанкешті белдігін шешіп тастап, тәртіп сақшыларына берілген. Сөйтіп, онсыз да мазасы қашқан Нигерия жерінде ойластырылған теракт іске аспай қалды. Сондай-ақ қайсар қыз "Боко Харамның" таяу уақытта жоспарлап отырған терактілері туралы бәрін жайып салыпты.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!