Үндістанда 100-ден астам мектеп жабылды

Фотография - Үндістанда 100-ден астам мектеп жабылды

Құқық қорғау органдарының өкілдері де жергілікті тұрғындарға аса қажет болмаған жағдайда үйлерінен шықпауға кеңес берді

370 0

Үндістанның Бангалор қаласының билігі қабыландардың келуінің жиілеп кетуіне байланысты 129 мектепте сабақтардың өтуіне тыйым салды. Бұл туралы полиция өкілдері хабарлады, деп жазды kaztv.kaztrk.kz.

Құқық қорғау органдарының өкілдері де жергілікті тұрғындарға аса қажет болмаған жағдайда үйлерінен шықпауға кеңес берді.

Өткен жексенбіде қабыландардың бірі мектеп ауласына кіріп кетіп, адамдар оны арнайы дәрімен атып ұйықтатқанша, қабылан 6 адамды жарақаттады. Соңында қабылан ауланды, бірақ осы аймақта тағы екі қабыланның пайда болғандығы жөнінде хабар келіп түсті.

Құзырлы органдардың мәліметтері бойынша, Үндістанда бүгінде 14 мыңға жуық қабылан бар. Олардың адамдардың шаруашылық мақсатындағы жұмыстарының нәтижесінде өмір сүру алқаптары тарылып, қалаға жиі кіріп кететін болған.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!