Әзірбайжанда "дұрыс емес" мешіттер тізімін жасап, орына кәсіби мекемелер ашпақ

Фотография - Әзірбайжанда "дұрыс емес" мешіттер тізімін жасап, орына кәсіби мекемелер ашпақ

"Артық" мешіттер шәйхана мен балабақшаға айналады.

257 0

Тәжікстанда Худжанд қаласының әкімі "артық" салынған құлшылық ету үйлерінің қызметін өзгертуді жоспарлап отыр. 

 Худжанд әкімі Раджаббой Ахмадзода "дұрыс емес" мешіттердің тізімін жасап, оларды тігін цехы, шәйхана немесе балабақшаға айналдыруды тапсырды.

Қала әкімінің сөзінше, егер бір ауданда екі немесе үш мешіттің қашықтығы 100 метрге дейін болса, онда артық мешіттерді кәсіптік мекемеге айналдыру керек. "Егер ғимарат зәулім болса, онда оны балабақшаға айналдыру керек. Осылайша азаматтарға жұмыс орнын қамтамасыз етеміз", -деді Ахмадзода.

Худжанд әкімі сонымен бірге бірқатар имамдарды исламның негізгі қағидаларын білмейді деп сынға алып, бүгінде қалалық прокуратурада 11 адамның үстінен экстремизмге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Бүгінде Худжанд қаласында 45 мешіт жұмыс істейді. Оның бесеуі жиналыс мешіті. Өткен жылы Соғды облысындағы 108 бейресми мешіттер мәдени орталықтар, балабақша мен ауылкеңесіне айналған болатын.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!