Венесуэлада азық-түлік тапшылығына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Фотография - Венесуэлада азық-түлік тапшылығына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Сондай-ақ мемлекетке қарасты 300-ден астам кәсіпорын азық өндіруді тоқтатқан

316 0

Венесуэла парламенті азық-түлік тапшылығына байланысты елде төтенше жағдай жариялады. Заң шығарушы органда басымдыққа ие оппозициялық партия депутаттарының айтуынша, негізгі тағам түрлерінің жетіспеушілігі 87%-ға жеткен. Сондай-ақ мемлекетке қарасты 300-ден астам кәсіпорын азық өндіруді тоқтатқан. Оппозициялық партия депутаттары Біріккен ұлттар ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы мекемелері мен ЮНИСЕФ-ке елдегі жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін нақтылау үшін арнайы сарапшылар жіберу туралы өтініш жолдаған. Ал парламентте саны аз президенттік партия өкілдері болса, саяси қарсыластарының әрекетін сынап, «бұл қадам АҚШ-тың елге басып кіруіне қолайлы жағдай тудыруы мүмкін» деп ескерту жасауда. Айта кеткен жөн, Венесуэладағы экономикалық ахуал әлемдік мұнай бағасы арзандағаннан кейін ушығып кеткен, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!