Өзбекстан бұрын-соңды болмаған қалың қардың астында қалды

Фотография - Өзбекстан бұрын-соңды болмаған қалың қардың астында қалды

Таң қаларлығы, республиканың ең бір ыстық және шөлейтті өңірлеріне қардың көбірек түскені байқалады.

509 0

Өзбекстанда көптен бері көрініс таппаған сенсациялық оқиға орын алды. Республиканың барлық аймағы бір мезгілде қалың қардың астында қалды. Бұл туралы ras.kz хабарлады.

Әдетте Қызылқұмның шөлді аймағында қыс пен көктем айларында жылына 100-200 миллиметр көлемінде ғана ылғал түсуші еді. Қазір бұл жерлердің бәрі қалың қардың көрпесін жамылып жатыр.

Таң қаларлығы, республиканың ең бір ыстық және шөлейтті өңірлеріне қардың көбірек түскені байқалады. Ал Қызылқұм аумағындағы қардың қарқыны көршілес Түрікменстан және Қазақстан облыстарына да әсерін тигізген.

"Елдің ең ыстық нүктесі – Қызылқұм шөліне жауған қардың мөлшері өте көп", – деді Өзбекстан мемлекеттік табиғат комитетіндегілер. Сондай-ақ, олар Бұхара және Навои облыстарының бір бөліктерін қалың ұлпаның басып тастағанын айтты.

Айта кетейік, бұл аталған аймақтар үшін өте сирек кездесетін құбылыс болып табылады. Дегенмен, тұтастай алғанда, Өзбекстанда биылғы қыс жылы, іс жүзінде ешқандай аязсыз қалыпта өтіп жатыр.

Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!