Грекияда фермерлер парламент жанында шатырлар құрды

Фотография - Грекияда фермерлер парламент жанында шатырлар құрды

Олар алаңға бірнеше тракторды мініп келген

204 0

Грекияда фермерлер наразылық шарасы ретінде парламент ғимараты алдында от жағып, шатырлар құрды, деп хабарлады 24.kz.

 Олар алаңға бірнеше тракторды мініп келген. Осының салдарынан Афины орталығындағы Синтагма алаңында көлік қозғалысы тоқтап қалды. Шаруалардың өзіндік талабы бар. "Салықты көтергісі келетін билік зейнетақы реформасын жүгізу жоспарынан да бас тартсын", - дейді. Бұған дейін де наразы топ ауылшаруашылығы министрлігінің алдында шеруге шығып, полициямен қақтығысқан еді. Ашуға булыққан фермерлер ғимаратқа қызанақ лақтырып, полиция жасағына жұдырық ала жүгірген. Тәртіпсіздіктерді тарату үшін күштік құрылым өкілдері көзден жас ағызатын газ қолданды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!