Трамп Исламға тіл тигізгені үшін 10 млн фунт айыппұл төлеуі мүмкін

Фотография - Трамп Исламға тіл тигізгені үшін 10 млн фунт айыппұл төлеуі мүмкін

Дональд Трамп өз мәлімдемесінде Лондон қаласы "мұсылмандармен раидкалданғаны" сонша, полицейлер жұмыс істеуге қорқады деген болатын.

300 0

Лондон қаласындағы саяси партиялардың бірінің басшысы Кямран Малик Ислам дініне тіл тигізгені үшін атышулы исламофоб Дональд Трампқа 10 млн фунт айыппұл салынуын сұрап сотқа шағымданды.

Айта кетейік, Дональд Трамп өз мәлімдемесінде Лондон қаласы "мұсылмандармен раидкалданғаны" сонша, полицейлер жұмыс істеуге қорқады деген болатын.

Мұндай негізсіз әрі жалған мәлімдеме Лондон қаласындағы мұсылмандар мен мұсылман емес жандардың арасындағы татулықты кесірін тигізеді дейді Кямран Малик. Ұлыбритания мұсылмандарын негізсіз айыптап, тіл тигізгені үшін ол Трамптан 10 млн фунт өтемақы талап етіп отыр.

Бұған дейін ол Дональд Трамптың Ұлыбритания аумағына екі жыл бойына кірмеуін талап еткен сотта жеңіліп қалған болатын.

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!