Facebook желісі лаңкестікпен күресті күшейтеді

Фотография - Facebook желісі лаңкестікпен күресті күшейтеді

Енді желіде лаңкестікке қатысты материал таратушылар қатаң бақылауға алынып, олардың жолын кесілмек.

296 0

Facebook әлеуметтік желісінің басшылығы терроризммен күресті күшейтуге бел буды. Енді желіде лаңкестікке қатысты материал таратушылар қатаң бақылауға алынып, олардың жолын кесілмек. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

The Wall Street Journal басылымының мәлімдеуінше, АҚШ билігі Facebook-ке "қысым көрсетіп", соған орай желі қызметкерлері қолданушы жазбаларының экстремизмге қатысы бар-жоғын белсене тексеруді қолға алды.

Осыған қатысты басылым бетіне жарияланған мақалада: "Әлемдегі ірі әлеуметтік желі лаңкестік топтарға қолдау білдірген қолданушылардың парақшаларын бұрынғыдан жылдамырақ бұғаттай бастады. Сондай-ақ, олардың достарына жазған хаттары да тексеріледі. Тіпті терроризмге байланысты жазбалармен айналысатын арнайы топ құрылды", – делінген.

Facebook әлеуметтік желісінің негізін 2004 жылдың 4 ақпанында Марк Цукерберг қалады. Бүгінде желіні әлем бойынша айына 1,5 млрд. адам қолданады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!