Грузияда тұмау ауруынан 15 адам қайтыс болды

Фотография - Грузияда тұмау ауруынан 15 адам қайтыс болды

Оның 14-і A/H1N1 вирусын жұқтырған болса, қалған бір адамға A/H3N2 диагнозы қойылған.

232 0

Грузияда қыс мезгілі басталғалы бері тұмау ауруынан 15 адам қайтыс болды. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

"Өкінішке орай, Грузияда тұмаудан 15 науқас қайтыс болды. Оның 14-і A/H1N1 вирусын жұқтырған болса, қалған бір адамға A/H3N2 диагнозы қойылды", – дейді ұлттық денсаулық сақтау орталығының бас директоры Амиран Гамкрелидзе.

Сонымен қатар, Гамкрелизде вирус жұқтырған адамдар саны күннен күнге төмендеп бара жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен жылдың соңына қарай 100 мың адамның 357-сі аталған ауруды жұқтырған болса, артынан бұл көрсеткіш 310 адамға азайды. Ал бүгінгі күнде алдын ала мәліметтер бойынша, 304 науқасқа кеміген.

Бас директордың айтуынша, өлімнің басты себебі, науқастардың дәрігерлер көмегіне тым кеш жүгінгенінен болып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!