Ауғанстан үшін 2015 ең қанды жыл болды

Фотография - Ауғанстан үшін 2015 ең қанды жыл болды

Былтыр елдегі әртүрлі қақтығыстардан 3 мың 545 адам ажал құшып, 8,5 мыңдайы жарақат алған.

298 0

Ауғанстанда 2015 жыл бейбіт адамдар көп қырылған ең қанды жыл болды. 

БҰҰ-ның есебі құрбандар санының осымен жетінші жыл қатарынан артып отырғанын дәйектейді. Былтыр елдегі әртүрлі қақтығыстардан 3 мың 545 адам ажал құшып, 8,5 мыңдайы жарақат алған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Марқұмдардың 37%-ы құрлық үстінде жүргізілген ұрыс қимылдары кезінде, 21%-ы жолдарға қойылған мина жарылыстарынан, ал 17%-ы жанкештілердің кесірінен көз жұмған. Құрбандардың көбі – әйелдер мен балалар. Халыққа қарсы шабуылдардың басым бөлігін "Талибан" лаңкестері жасаған. 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!