Индонезияда Facebook пен WhatsApp-та гей смайликтерге тыйым салынды

Фотография - Индонезияда Facebook пен WhatsApp-та  гей смайликтерге тыйым салынды

Бұл жайында "Time" журналы хабарлады.

512 0

Индонезияда Facebook және WhatsApp әлеуметтік желілерінде қолданылып жүрген "бір жынысты" смайликтерге тыйым салынды. Бұл жайында "Time" журналы хабарлады. 

Индонезияның байланыс және ақпарат министрлігінің мәлімдемесінде "Мұндай мазмұндағы дүниелер біздің мәдени және діни нормаларымызға сай болмағандықтан Индонезияда бұған жол берілмейді. Сондықтан да, әлеуметтік желі операторлары да біздің бұл нормаларымызға құрмет көрсетуі тиіс" делінген. Бұл талапқа бойсұнбаған мекемелердің өнімдеріне елде рұқсат берілмейтіні де ескертілді.

Тыйым салынған смайликтердің қатарында қол ұстасқан бір жынысты жұптар мен бір жыныстырлардың туы саналған кемпірқосақ түстес жалау да бар.

Индонезиядағы ең көп пайдаланылатын "LINE" әлеуметтік желісі министрліктің бұл талабын алғаш болып орындады. Әрі фейсбук желісінен аталған смайликтерді қолданғаны үшін халықтан кешірім сұрады.


muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!