Мюнхенде мыңдаған адам НАТО конференциясына қарсы шеруге шықты

Фотография - Мюнхенде мыңдаған адам НАТО конференциясына қарсы шеруге шықты

Мюнхенде халықаралық қауіпсіздік конференциясына қарсы шеру өтті.

218 0

Қолдарына түрлі көрнекіліктер мен жалауша ұстаған 3000-ға жуық адам Бавария астанасының орталық көшелерімен жүріп өтті. Жиналғандардың көбі "Соғысты тоқтат!" деп ұрандатты. Сондай-ақ олар үкіметтің босқындарға көмек бергенін қалайды. Тіпті шерушілердің арасында биліктің кетуін қалайтындар да аз емес. Бейбіт түрде басталған шерудің соңы полициямен қақтығыспен аяқталды. Тәртіп сақшылары сегіз адамды қамауға алған.

Мюнхен конференциясы 1962 жылы НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс ведомстволарының өкілдерінің форумы ретінде құрылған.

Ричард Форвард, шеруге қатысушы:
- Біз қауіпсіздік конференциясына қарсымыз. Өйткені қауіпсіздік сөзінің астарында мүлде бөлек нәрсе жатыр. Менің ойымша, олар ештеңені шешпейді. Керісінше жағдайды одан ары ушықтырып жібереді. Біз бейбіт өмірді қолдаймыз!


24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!