Дағыстандағы жарылысты ИГИЛ өз мойнына алды

Фотография - Дағыстандағы жарылысты ИГИЛ өз мойнына алды

Жарылысты 23 жастағы жанкешті студент жасады деген ақпар бар.

187 0

Дағыстанның Дербент ауданындағы жол-патрульдік полициясының бақылау бекетінде болған жарылысты "Ирак пен Левант лаңкестік ұйымының" осы елдегі мүшелері мойнына алды. Жергілікті құқық қорғаушылардың хабарлауынша, лаңкестік әрекеттен екі полиция қызметкері қаза тауып, 17 адам жараланған. Оған қоса маңайдағы 4 көлік отқа оранды. Жарылысты 23 жастағы жанкешті студент жасады деген ақпар бар. Қазір аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, шабуыл жасалған жерде тергеу амалдары жүргізілуде. Дағыстан денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, жараланғандардың екеуінің де халі ауыр. Жергілікті күштік құрылым басшылары болса, "шабуыл алдын ала жоспарланған" деп отыр. Дағыстанда мұндай қастандық соңғы рет 2013 жылы жасалған еді.

*ИГИЛ (ДАИШ) – ҚР аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым. 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!