Еуроодақ Грекияға босқындар үшін 12,7 млн еуро бөлді

Фотография - Еуроодақ Грекияға босқындар үшін 12,7 млн еуро бөлді

Еурокомиссияның мәлімдеуінше, қаржы көші-қон қорына жөнелтіледі

281 0

Грекия өз аумағына ағылған босқындарды орналастыру үшін Еуроодақтан 13 млн еуроға жуық қаржы алатын болды.

Еурокомиссияның мәлімдеуінше, қаржы көші-қон қорына жөнелтіледі. Айта кету керек, кәрі құрлыққа ағылған босқындардың дені дәл осы Грекия арқылы келеді. Ал грек аралдарына Түркия теңіздерімен жетеді. Сөйтіп, Орталық және Солтүстік Еуропаға қарай өтеді. Ресми мәліметтерге қарағанда, өткен жылы кәрі құрлыққа Таяу Шығыс пен Африкадан 1,5 млн босқын келген.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!