Сирияда мектептер мен ауруханаларға шабуыл жасалды

Фотография - Сирияда мектептер мен ауруханаларға шабуыл жасалды

Сирияда 5 аурухана мен 2 мектепке шабуыл жасалды

367 0

Сирияда 5 аурухана мен 2 мектепке шабуыл жасалды. Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірген мәлімет бойынша, Идлиб және Алеппо қалаларында 50-ге жуық бейбіт тұрғын оққа ұшқан.

Қаза тапқандардың арасында балалар көп болған. Әзірге ондаған адамның өмірін қиған шабуылды кімнің ұйымдастырғаны белгісіз. Сириядағы шиеленіске қатысушы тараптардың барлығы бірін-бірі айыптауда. Халықаралық дәрігерлер ұйымы Идлибтегі ауруханаға Сирия президенті Башар Асадқа бағынышты күштер оқ атқанын хабарласа, Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы апатқа ресейлік зымыранның себеп болғанын айтты. Айта кетейік, өткен аптада АҚШ, Ресей және тағы 15 елдің өкілдері Сириядағы қақтығыстарды тыюға арналған жиынға қатысқан еді. Жиналыстың қорытындысы бойынша, алдағы аптада Сирия жеріндегі қарсы тараптарды бітімге шақыру жоспарланған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!