11 айда Йемендегі қақтығыстардын 6000-нан астам адам көз жұмды

Фотография - 11 айда Йемендегі қақтығыстардын 6000-нан астам адам көз жұмды

Бұл туралы БҰҰ хабарлайды

224 0

Йеменде 11 айдың ішінде жасалған әуе шабуылдарынан 6 мыңнан астам адам көз жұмған. Олардың тең жартысы бейбіт тұрғындар, ал 700-дейі балалар.

 Жапа шеккендердің қатары 35 мыңға жетеді. Халықтың 80%-ы гуманитарлық көмекке зәру. 8 миллионға жуық тұрғын тойып тамақ ішпесе, тағы 14 миллионы медициналық көмекке қол жеткізе алмай жүр. Өйткені атыс-шабыс кезінде 600 аурухананың күл-талқаны шыққан. Йемендегі жағдай 2014 жылдың аяғында ушығып кеткен болатын. Әлі күнге дейін көтерілісші хуситтер мен президент Мансұр Хадидің үкімет жасағы қақтығысып жүр. Былтыр наурыздан бері Сауд Арабиясы бастаған коалиция хуситтерді әуеден соққылап келеді.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!