Ди Каприо Моңғолия жерінде көшпенділерше өмір сүреді

Фотография - Ди Каприо Моңғолия жерінде көшпенділерше өмір сүреді

Он күндік саяхат кезінде Ди Каприо өзін физикалық және психологиялық тұрғыдан әбден сынамақ.

181 0

Голливуд актері Леонардо Ди Каприо моңғол жеріне сапар шегеді. Он күндік саяхат кезінде Ди Каприо өзін физикалық және психологиялық тұрғыдан әбден сынамақ. Сапар барысында актер бүркітшілермен аңға шығып, көшпенділердің арасында өмір сүріп, нағыз киіз үйде тұрады. Мұнымен қоса, ол көздеген жеріне дейінгі жолдың жартысын ат үстінде өткізеді, деп хабарлайды The Telegraph. Саяхат кезінде моңғол жеріндегі Хубсугул өзенінің маңына тоқтайтын 41 жастағы актердің жолсерігі атақты швед зерттеушісі Йохан Эрнст Нильсон болады.  Әртіс осы мақсатқа 95 мың доллар жұмсауды көздейді.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!