Түркия Сириямен арадағы шекарада бетон қабырға тұрғыза бастады

Фотография - Түркия Сириямен арадағы шекарада бетон қабырға тұрғыза бастады

Түрік тарапы қос елдің түйіскен Килис провинциясы Акынджы ауылында биіктігі 3 метр болатын бетон қабырға тұрғызуды бастады.

348 0

Түркияның Қорғаныс министрлігі Сирияның солтүстік аймағындағы шиеленіскен жағдайға байланысты шекара шебіндегі қауіпсіздік шараларын күшейтіп отыр. Түрік тарапы қос елдің түйіскен Килис провинциясы Акынджы ауылында биіктігі 3 метр болатын бетон қабырға тұрғызуды бастады. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Қоршауға қажетті материалдар тек сол маңда құйылып қана қоймай, өзге аудандардан жүк көліктері арқылы да тасымалданып жатыр. Ресми Анкара алғашқы кезекте шекараның 40 шақырымын тас қамал етіп қоршап, біржола жауып тастамақ. Жалпы түрік үкіметі былтыр "Сирия шекарасында қауіпсіз қабырға" жобасын қабылдады. Оның аясында Газиантеп, Хатай, Шанлыурфа мен Мардин провинцияларындағы шекараның барлығы тікенекті сыммен қоршалып, мұнараларға бақылау камералары орнатылады. Естеріңізге сала кетейік, Түркия мен Сирияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 911 шақырымға тең.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!