Франция прокуратурасы Саркозиге қатысты тергеу жүргізуде

Фотография - Франция прокуратурасы Саркозиге қатысты тергеу жүргізуде

Экс-шенеунік 12 сағат бойы тергеушілерге жауап берген

212 0

Франция прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Николя Саркозиге қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

 Олар саясаткерге "2012 жылғы саяси науқан кезінде сайлауалды бағдарламаларға жұмсалатын қаржыны белгіленген межеден екі есе артық бөлді" деген кінә тағып отыр. Ал бұрынғы президент мұндай заңбұзушылықтан мүлдем бейхабар болғанын айтып, ақталып бағуда. Тергеу мәліметі бойынша, сайлау кезінде Сарказидің үгіт-насихат штабы жұмыс істеген "Бигмалион" пиар агенттігі өз қызметін қымбат көрсетіп, ақысын партия есебінен алған. Осыған байланысты экс-шенеунік 12 сағат бойы тергеушілерге жауап берген. Енді ұзақ мерзімге созылған тергеу амалдары Николя Саркозидің 2017 жылы өтетін президент сайлауына қайта түсуіне кедергі келтіруі мүмкін.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!