Боливияда ереуілшілер қойған қасақана өрттен 6 шенеунік қаза тапты

Фотография - Боливияда ереуілшілер қойған қасақана өрттен 6 шенеунік қаза тапты

Жарақат алған оннан астам адам жансақтау бөлімінде жатыр

230 0

Боливияның Эль-Альто қаласында ереуілшілер әкімшілік ғимаратына от қойып, 6 шенеунік ажал құшты, деп хабарлады 24.kz.

 Олардың барлығы көмірқышқыл газынан уланып көз жұмған. Жарақат алған оннан астам адам жансақтау бөлімінде жатыр. От қойғандар бұрынғы қала басшысының жақтастары. Ал экс-мэрдің өзі жемқорлық ісі бойынша сотталып, түрмеде отыр. Жазасын өтеп жатқан ол билік тізгінін ұстаған президент Эво Моралес партиясының мүшесі болған. Әуел баста әкімшілік алаңына бейбіт шеруге шыққандар жаңа мектептер салуды талап еткен еді. Кейін оларға басқа топ өкілдері қосылып, ғимаратты өртеуге кіріскен. Айта кеткен жөн, қазір Боливияда Конституцияға Эво Моралестің жаңа мерзімге сайлануына мүмкіндік беретін өзгеріс енгізу туралы референдумға дайындық жүріп жатыр. Бұл халықтық шара 21 ақпанда өтуі тиіс.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!