Қырғыз қыз-келіншектер "патриоттардан" қорқады

Фотография - Қырғыз қыз-келіншектер "патриоттардан" қорқады

Қырғызстанда шетелдіктермен кездесетін немесе бірге уақытын өткізетін қыздарды мазақ еткен бейнержазбалар кең тарауда

377 0

Бұл жазбаларда еркектер қыздарды шешіндіріп, ұрып-соғып, тергеп-тексереді, тіпті зорлаған оқиғалар да кездескен. Осындай мазаққа ұшыраған бір қыз қорлыққа шыдамай, бір аптадан соң өзіне қол жұмсап өлген.

Осындай бейнежазбаларды түсіретін жас жігіттер өздерін «патриоттармыз» деп атайды. Олардың ешқайсысы әрекеттері үшін жауапқа тартылмады. Мемлекеттік органдар бұған көз жұмып отырғандықтан, "патриоттар" өздерін еркін сезінуде.

Полиция араласқан жалғыз оқиға былтыр күзде Мәскеуде болған: 28 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мұндай "патриоттардың" қылығын елдің көп тұрғыны қолдайтын боп шықты. Ұлтшылдардың бірлестіктерінің мүшелері секілді, олар да осындай ескерту бейнежазбаларын көрсетпесе тұрғындар "мүлдем азғындық жолға түсіп кетуі мүмкін" деп санайды. Мамандар бұл орайда Қырғызстан әйелді жеке тұлға ретінде сыйлау қалыптаспаған патриархалды мемлекет күйінде қалып отыр деп тұжырымдайды.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!